06.10.2022
2022 жылдың 6 қазанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қала маңындағы ормандарда "Табиғатта қоқысқа жол жоқ" атты жалпы республикалық акциясы өтті. Сенбілікке 151 ерікті қатысты, олардың арасында студенттер Парламенті мен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж еріктілері болды. Студенттер орманды демалушылар қалдырған қоқыстардан тазартты. Акцияның мақсаты-экологиялық жағдайды жақсарту. Белсенділер қала қонақтары мен тұрғындарын табиғатты қорғауға шақырады. Демалысқа шыққанда қоқыс дорбаларын өзіңізбен бірге алып, жинап, өзіңізбен бірге алып кету керек.